13 тамыз 2018 | 11:19

"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұранысы ең жоғары пәтерлер қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ең жоғары сұраныста аумағы 62 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Баспана" Ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ең жоғары сұраныста аумағы 62 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Баспана" Ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

Сонымен бірге, "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды.

Қарыз алушының ортақ сипаты да белгілі болды. Ол - Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.

"Қазіргі таңда бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтың өтініші мақұлданғанын байқап отырмыз. Ол "7-20-25" бағдарламасының көкейкестілігін, дер кезінде қолға алынғандығын және әлеуметтік бағытын айқын дәлелдейді", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымының Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Қайрат Алтынбековтің сөзінше, жылдық үстемесі 7 пайыз болатын "7-20-25" ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.

"Пәтер жалдағаннан көрі, өз баспанаңда тұрғанға не жетсін", - деп қайырды Қайрат Алтынбеков.

13 тамыз күнгі жағдай бойынша, Қазақстан халқынан бағдарламаға қатысуға 15,4 миллиард теңге сомасына 1323 өтініш келіп түскен. Оның жалпы сомасы 9,7 миллиард теңгені құрайтын 843 өтініші банктер тарапынан мақұлданды. Қазіргі таңда, "7-20-25" бағдарламасының ипотекалық несиесін Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK мен ЦеснаБанк арқылы алуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети