11 қазан 2022 | 17:33

"7-20-25" бағдарламасына балама нұсқа туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жақында "7-20-25" бағдарламасына балама нұсқа ұсынылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жақында "7-20-25" бағдарламасына балама нұсқа ұсынылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына алаңдаймыз, алайда жұмыс істеп, отбасы құратын адамдардың негізгі бөлігін ұмытып кетеміз. Оларды қамтамасыз ету үшін қазір отбасының цифрлық портреті арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесін қарастырып жатырмыз.

Санат бойынша бөлу емес. Әр отбасына қатысты, онда туындаған қиындықтарға сүйеніп, жеке көмек көрсету. Бірақ бұл әлі қарау сатысында. Келешекте мұны істеу керек", - деді Үкімет кулуарында журналистерге Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жақын арада "7-20-25" бағдарламасына балама ұсынылмақ.

"Жалпы массаны қалай қамтамасыз ете аламыз, "7-20-25" аяқталып келеді, сондықтан басқа бағдарламаны ұсынуымыз керек. Бұл сұрақ бойынша ойлаймыз. Жақында таныстырамыз. Себебі заң аясында қазірдің өзінде қарастырып жатырмыз. Ең бастысы, бастапқы жарна және қолжетімді мөлшерлеме, егер ол жұмыс істесе, 7 пайыздан аспайды", - деп жауап берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети