20 тамыз 2018 | 10:23

"7-20-25" бағдарламасының атын жамылған жалған жарнамалар таралып жатыр - "Баспана"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"7-20-25" бағдарламасының атын жамыдған жалған жарнамалар таралып жатыр. Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық Ұйымының Сыртқы коммуникациялар қызметі өкілдері ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"7-20-25" бағдарламасының атын жамыдған жалған жарнамалар таралып жатыр. Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық Ұйымының Сыртқы коммуникациялар қызметі өкілдері ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтерінің "7-20-25" бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттары көбейіп барады.

"Мысалы, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ. "Баспана" Ипотекалық ұйымы, кейін түрлі түсініспеушіліктер туындамау үшін, халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады. Мысалы, 25 - жылына берілетін несие емес, 25 айға ғана созылған несие болу мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады", - деді ұйым өкілдері.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске саламыз. Қазіргі таңда, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта "7-20-25" бағдарламасымен несие бере алмайды. 

"Бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылатындары да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз", - дейді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы мамандары, үй бағасы мен несие мерзіміне сәйкес, ай сайынғы төлемдердің кестесін әзірледі. Кез-келген жағдайда, артық төлемдерге бой алдырмас үшін, кестені пайдалануға кеңес береміз", - деді "Баспана" компаниясының өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети