"7-20-25" бағдарламасына қалай қатысуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"7-20-25" бағдарламасына қалай қатысуға болады? © sadsha.ru

Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасына кім қатыса алатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Парламенті Сенатындағы дөңгелек үстел барысында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасына кім қатыса алатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Парламенті Сенатындағы дөңгелек үстел барысында айтты.

Ұлттық банк төрағасының орынбасарының айтуынша, "7-20-25" бағдарламасының схемасына тұрғын үйі жоқ адам ғана қатыса алады.

"Әр адамда кредитке қиындықсыз қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кірісінің болуы тағы да бір маңызды талап болып табылады. Бүкіл бағдарламаның орнықтылығы азаматтардың келешекте өз қарыздарына қызмет көрсету мүмкіндігіне толық байланысты болады. Алғашқы кезеңде біз "7-20-25" бағдарламасына тек бастапқы тұрғын үйді ғана тартуды жоспарлап отырмыз. Кейіннен, даму шамасына қарай бағдарламаны кеңейту мүмкіндіктерін зерделеуге дайынбыз", - деп түсіндірді Олег Смоляков.

Сонымен қатар, ол аталған шараның әлеуметтік бағдарлама екенін және мемлекеттің міндеті азаматтарды бірінші кезекте қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болып табылатынын, сондықтан тұрғын үйдің шекті құны белгіленетінін атап өтті. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалалар үшін тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 миллион теңге, басқа өңірлер үшін 15 миллион теңге болады.

"Бұл талаптарды біз бастапқы кезеңде пайымдаймыз. Аталған шектеулер бағаның өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй бағасының алыпсатарлық өсуінің бұрынғы тәжірибесін қайталауға болмайды. Бағдарламаны іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк түсіндіру жұмысына және өңірлердегі тұтынушылармен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауға баса назар аударатын болады", - деп сөзін қорытындылады Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламасын таныстырған болатын. 

"(...) Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек", - деп түсіндірген еді Назарбаев.

Сондай-ақ, осыған дейін "7-20-25" ипотекасы қашан беріле бастайтыны айтылған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети