24 қазан 2018 09:50

"7-20-25" бойынша ай сайынғы төлем қанша болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sadsha.ru © sadsha.ru

"7-20-25" бойынша қарыз алушылардың 60 пайызы ай сайын кем дегенде 100 мың теңге төлейді. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісіне "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ өкілдері хабарлады.


"7-20-25" бойынша қарыз алушылардың 60 пайызы ай сайын кем дегенде 100 мың теңге төлейді. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісіне "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ өкілдері хабарлады.

Осылайша, ұйымдағылардың мәліметінше, ай сайынғы орташа төлем 80 мың теңге көлемінде.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасына қатысушылардың 6 пайызы максималдық сома ала алады: 20 миллион теңге - Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларының тұрғындары, ал қалған өңірлердегілерге 12 миллион теңге беріледі.

"(...) "7-20-25" бағдарламасының мерзімділікке, төлем қабілетіне және қайтарымдылыққа негізделген ипотекалық бағдарлама екенін ұмытпау керек. Ол жұмыс істеп жүрген және серіктес банктерге өзінің төлем қабілетін растай алатын әрбір қазақстандыққа қолжетімді", - деді "Баспана" ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазандағы жағдай бойынша, "7-20-25" бойынша мерзімін кешіктірген жағдайлар болған жоқ. Қазақстандықтар 44,5 миллиард теңгеге өтініш қалдырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, "7-20-25" бағдарламасы бойынша 2 513 өтініш мақұлданды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети