"7-20-25": "Қатысуға кем дегенде 300 мың теңге табыс болуы керек" деген сөз өтірік

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

"7-20-25" бағдарламасының борышкерлері ай сайынғы ипотекалық төлемдерін мерзімінен кешіктермей төлеп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыстар департаменті таратқан хабарламада айтылады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"7-20-25" бағдарламасының борышкерлері ай сайынғы ипотекалық төлемдерін мерзімінен кешіктермей төлеп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыстар департаменті таратқан хабарламада айтылады.

Сондай-ақ, 2018 жылы ай сайынғы орташа төлем 55 мың теңге болғаны айтылады. Қарыз алушылардан түсетін ай сайынғы төлемнің жалпы көлемі шамамен 170 миллион теңге.

АҚ таратқан мәлімет бойынша, "7-20-25" бағдарламасымен құны 8 бен 14 миллион теңге аралығындағы пәтерлерге сұраныс жоғары. Құны 8 миллион теңге тұратын пәтер үшін ай сайынғы төлем (кредит мерзімі 25 жыл болғанда) 45 мың теңге, ал 10 миллион теңге пәтер үшін - 56 мың теңге, құны 12 миллион теңге пәтер үшін - 79 мың теңге.

"7-20-25" бағдарламасына қатысқан Астана қаласы тұрғындарының орташа айлық табысы 170 мың теңге, алматылықтардың айлық табысы 150 мың теңге, Шымкент тұрғындарының айлық табысы 120 мың теңге болған. Ипотекамен тұрғын үй сатып алған басқа өңір тұрғындарының орташа айлық табысы 70 мың теңге болды.

"Статистика кейбір БАҚ-та жарияланған "бағдарламаға қатысу үшін кем дегенде 300 мың теңге көлемінде табысың болуы керек" дейтін тұжырымдарды жоққа шығарып отыр", - дейді "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ өкілдері.

29 қаңтардағы жағдай бойынша халықтан 92 миллиард теңгеге 7949 өтінім қабылданған. Олардың ішінен банктер 55 млрд теңге сомасына 4612 өтінішті мақұлдаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro