"7-20-25": Маңғыстау облысы берілген пәтерлер бойынша 3-орында

viewings icon 578 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтауда өткен облыс активінің жиналысы кезінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды. Жиын барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу барысында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда өткен облыс активінің жиналысы кезінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды. Жиын барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу барысында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мәселесіне келгенде, Маңғыстауда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 93,7 пайыз ( 2017 жылы 93,1 пайыз) құрайды. Жыл басынан 919 орындық 10 балабақша пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 23 нысан пайдалануға беріледі. Нәтижесінде көрсеткіш 97,1 пайызға жетеді.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін шешу үшін өңірде 1219 медицина қызметкері жалақыға үстемақы алады. Сонымен қатар, медицина саласынцифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ең алдымен, барлық медициналық ұйым 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз құжат айналымынак өшуітиіс. Екінші міндет - 2020 жылға дейін облыстың барлық тұрғыны үшін электрондық денсаулық төл құжатын әзірлеу.

Бүгінде Маңғыстау халқының бұқаралық спорт түрлерімен және дене белсенділігімен қамтылуы - 29,6 пайыз,  бұл соңғы 3 жылмен салыстырғанда 8 есеге көп.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз аймақтық деңгейде резервтер тауып, облыс тұрғындары үшін спортты қолжетімді етуге тиіспіз. Сондай-ақ, соңғы жылда  20-дан аса спорт алаңы мен 11 ірі спорт нысаны жеке инвесторлар есебінен салынды. Биыл Ақтау қаласында мұз айдынының, Бокс орталығының, Бейнеу, Маңғыстау және Сенек ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы басталды.

Биыл Маңғыстауда футболды дамыту мақсатында жаңа футбол алаңы салынып, Мұнайшы стадионы қайта жөндеуден өтті", - деді өңір басшысы ЕралыТоғжанов.

Өмір сүрудің қолайлы ортасын құру мәселесі бойынша Президент халыққа Жолдауында өңірлік және қалалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды.

Осылайша, жыл соңына қарай Маңғыстау ауылдық елді мекендерінің 69 пайызы немесе ауыл халқының 89 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта ауданаралық жолдардың көпшілігінің жағдайы жақсы, сондықтан ауыл ішілік жолдардың құрылысына қаражат бөлінетін болады. Маңғыстауда 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2-2, 5 есе арттыру бойынша пилоттық жоба енгізілді. Жобаны іске асырудың 8 айында мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірушілер саны 1 орынға  2-ден 16 адамға дейін артты, ұсынылған жоғары сапалы мемлекеттік қызметтер саны 3 есеге артты, Мемлекеттік қызметтерді алуға халықтың шағымдары 4 есеге қысқарды.

Сондай-ақ, оңтайландыру есебінен мемлекеттік қызметшілердің саны 84 бірлікке, ал басқару кадрларының саны 24 бірлікке қысқарды. Елбасы Жолдауын іске асырудың басқа да аспектілерін қолдану туралы ойларымен қоғамбелсенділері бөлісті.

Туристік кластердің өкілі демалыс базасының директоры Ұлболсын Ахметова өңірде Мемлекет Басшысының тапсырмалары орындалып жатқанын атап өтті:

"Биыл жазда Маңғыстауғасапарыкезінде, Президент Ақтау қаласы Түрік Анталиясының аналогы болуы тиіс деген тапсырма берді. Бір ай ғана уақытөтті. Бүгінде Үкімет деңгейінде "Каспий теңізі жағалауындағы теңіз курортын дамыту жөніндегі жол картасы" қабылданды, оның негізгі бағыты Ақтау қаласынан Құрық кентіне дейінгі жағажай аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу болып табылады. Әкімдік өз кезегінде су және электр желілерімен жабдықтау үшін жобалық құжаттаманы дайындауға кіріскен және 2019 жылы іс шараларды іс жүзінде жүзеге асыруға кірісуге уәде берген болатын".

"Банк Центр Кредит" банкінің Ақтау филиалының директоры Дилшод Оразыметов Маңғыстау облысында "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй несиелендірудің мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтыпберді:

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру бойынша облыстар арасында, Маңғыстау облысы сатылған пәтерлердің көлемі мен саны бойынша үшінші орындатұр. "7-20-25" бағдарламасы басталғалы ЦентрКредитБанкінің Маңғыстау облыстық филиалы 1,4 миллиард теңгеден аса сомаға 140-тан аса қарыз берді", - деді Дилшод Оразыметов.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
20°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю