19 маусым 2018 09:59

"7-20-25" тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бағдарлама Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде әзірленгені айтылады. Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 7 пайыз, бастапқы жарна - 20 пайыз, қарыз мерзімі - 25 жылға дейін болатын талаптармен беруді көздейтін "7-20-25" бағдарламасын іске қосу тапсырылды.

"Бағдарлама ипотекалық тұрғын үй қарыздарын берудің негізгі талаптарын, қарыз алушылар мен банктерге Бағдарламаға қатысу үшін өлшемшарттарды, банктердің  оператормен өзара іс-әрекет жасау тәртібін, сондай-ақ Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін заңнамалық актілер деңгейінде қабылдануға тиіс шараларды айқындайды", - делінген хабарламада.

Бағдарламаға еліміздің еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады.

Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:

25 миллион теңге - Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында;

15 миллион теңге - басқа өңірлерде.

Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымы  - "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ. Оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен қаржыландырудың нарықтық тетіктерін пайдалана отырып Қазақстан қор биржасына (KASE) кемінде 1 триллион теңгені тартады және алынған қаражатты Бағдарламаның талаптары бойынша қатысушы банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын сатып алуға жібереді.

Бағдарлама шеңберінде қатысушы банктерге қатысты өлшемшарттар айқындалатын болады. Қатысушы банктердің тізбесі олар "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ-пен тиісті шарттар жасасқан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бағдарламаның талаптарына сәйкес қатысушы банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ.

Қатысушы банктердің қарыздарды беру рәсімдерінің басталғаны туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің интернет-ресурсында да орналастырылатын болады. "7-20-25" бағдарламасын іске асыра бастаудың күтілетін мерзімі - ағымдағы жылдың екінші жартысы.

"7-20-25" Бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық банкінің "ҚҰБ "Online" мобильдік  қосымшасында 2018 жылғы  19 маусымнан  бастап "7-20-25" жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы Бағдарламаға  қатысты қызығушылық тудыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады", - дейді банк өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети