06 наурыз 2018 | 13:50

7 пайыздық жаңа ипотеканың механизмі қашан дайын болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрлік пен Ұлттық банктің жаңа ипотекалық бағдарламаны іске асыру механизмін үкіметтің келесі отырысына дейін даярлауы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрлік пен Ұлттық банктің жаңа ипотекалық бағдарламаны іске асыру механизмін үкіметтің келесі отырысына дейін даярлауы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баспана сатып алғысы немесе оны жақсартқысы келетін азаматтарды ынталандыру керек, сондықтан премьер-министр нақты уақытты белгіледі. Біз Ұлттық банкпен бірге бір апта ішінде қалай жүзеге асыратынымыздың нақты механизмін даярлауымыз қажет", - деді Қасымбек. 

Оның сөзінше, жекеменшік банктерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі немесе жаңа ипотекалық компания шарттары бойынша жұмыс істеуге міндеттеу мүмкін емес. 

"Жаңа компания жұмыс істейтін шарттар, кеше елбасы айтқандай, 7 пайыз. Алғашқы жарна 20 пайыз және кредит мерзімі 25 жыл. Әрине, бүгінгі күнмен салыстырғанда ТҮҚЖБ-ның өзінде бастапқы жарна 30-дан 50 пайызға дейін. Бұл азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде үлкен серпін болмақ, өйткені, 7 пайыз қазіргі нарықтағыдан екі есе төмен. Жекеменшік банктерде 30, 50 пайызға дейін барады, ал мұнда тек 20 пайыз", - деп жалғастырды министр. 

Министрдің пікірінше, Елбасының бастамасы ипотекалық кредит беру нарығын, құрылыс саласын және құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға ықпал етеді. 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - еліміздегі ипотеканың шамамен үштен екісі. Нарықта тағы бір компанияның пайда болуы бәсекелестікті арттырады. Мұнда қалың кезектер болатынын түсінеміз. Кеше Елбасы нақты соманы белгіледі - үш триллион теңге. Бұл қаржы жеткілікті деп есептеймін", - деп аяқтады министр. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік үшін баспана ипотекасын қолжетімді ететін жаңа "7-20-25" бағдарламасын ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети