Krisha.kz үй жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаудың жолдарын айтып берді. Басылымның мәліметінше, елімізде соңғы кездері тұрғын үйлерді жалға беруге қатысты алаяқтық көбейіп жатыр.
Krisha.kz үй жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаудың жолдарын айтып берді. Басылымның мәліметінше, елімізде соңғы кездері тұрғын үйлерді жалға беруге қатысты алаяқтық көбейіп жатыр.
Алаяқтарға алданып қалмау үшін бірінші кезекте пәтердің бағасын жалпы нарықтағы бағамен салыстыру маңызды. Егер жалға беру бағасы нарықтағы бағадан біршама төмен болса және еурожөндеуден өткен пәтерлердің суретін жариялайтын болса, абай болу керек. Сондай-ақ, мамандар "үйді жақсы адамға жалға беремін", "басқа жаққа көшуіме байланысты жалға беремін", "тұрақты тіркеумен көмектесемін", "үй иесі шетелде" деп хабарлама жазатын жалға берушілерден сақ болуға кеңес береді. Айта кетейік, жалдамалы пәтер бағасы нарықтағы бағадан төмен бе, әлде жоғары ма - оны сайттағы онлайн-бағалау жүйесінде тексеруге болады.
Екінші кезекте жалға алушы ұнаған пәтерлердің тізімін жасап, хабарландыру бойынша қоңырау соға бастайды. Бұл жерде риелторлар көрсететін қызметіне алдын ала ақша сұрауы мүмкін. Ал негізі комиссия қызмет түрі көрсетілгеннен кейін, яғни, келісімшарт жасалған соң ғана төленеді.
Сондай-ақ, алаяқтар ақпараттық қызмет көрсеткені үшін ақша талап етуі мүмкін. Олар жалға алушымен келісімшарт жасасып, қажетті ауданнан 2-3 күнде пәтер тауып беруге уәде береді. Риелторлар бұл қызметін 10 000 - 20 000 теңге көлемінде бағалайды екен. Осылайша, олар агенттік арқылы пәтер іздей бастайды, ал пәтерді жалға алушыға тауып бермеген жағдайда риелторлар олардан келісімшартты мұқият оқып шығуын сұрайды. Яғни, жалға алушы мен жалға беруші жасасқан келісімшартта жалға беруші тек ақпараттық қызмет көрсетуге міндеттеледі.
Үшінші кезекте пәтер жалдаушы үйдің құжатымен, сондай-ақ, ондағы техникамен мұқият танысуы керек. Сондай-ақ, мамандар міндетті түрде келісімшарт жасасу керектігін айтады. Себебі онда екі тараптың да міндеттері көрсетіледі. Айта кетейік, жалға алушы келісімшарт жасаспай тұрып, пәтерді көріп шыққаны үшін 1 000 теңге төлеуге міндетті емес.
Krisha.kz сайтындағы суреттерге келетін болсақ, онда суреттің түпнұсқасын анықтай алатын жүйе жұмыс істейді. Яғни, сіз суреттің түпнұсқасын интернеттен өзіңіз тексере аласыз. Ол үшін суретті компьютеріңізге жүктеп алып, іздеу жүйесінің сурет бойынша іздеу функциясын пайдаланыңыз. Егер түрлі қайнар көздерді көрсетіп тұрса, мұндай хабарлама күмән тудыруы тиіс.
Сонымен қатар, мамандар пәтерді жалға алып, келісімшартқа отырған соң жалға берушіден қолхат алуға кеңес береді.