Алматыда баспана 12 пайызға дейін арзандауы мүмкін - Сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баспана 12 пайызға дейін арзандауы мүмкін - Сарапшы © Тұрар Қазанғапов

Алматыда баспана 10-12 пайызға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне Қазақстан риэлторлар қауымдастығының мүшесі Орынбасар Сатаев айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баспана 10-12 пайызға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне Қазақстан риэлторлар қауымдастығының мүшесі Орынбасар Сатаев айтты.

Мәселен, биыл сәуір айында Алматыда баспана 3 пайызға арзандаған. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы 10-12 пайызға түсуі мүмкін.екен. Тіпті, оңтүстік астанадағы ауа райына байланысты мүліктің құны құбылатыны тағы бар дейді.

"Былтыр қыста бәріміз де осы болжамның орындалуын күттік. Неге десеңіз, былтыр көктемде тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. "7-20-25", "Баспана хит" секілді бағдарламалар жүзеге аса бастады. Алматы қаласынна 25 миллионға дейін, Астана қаласына 20 миллионға дейін шектеулері болды. Құрылыс компаниялары бұл бағдарламаларға дайындықпен кірісті. Бұрынғыдай құрылыс материалдарын шетелден шарықтаған бағада әкелмейді, шектеулі бағамен өзімізде сатып алады. Содан да болар, үй құны тұрақталды", - дейді Орынбасар Сатаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар үй бағасының шарықтап кетпеуіне әсерін тигізіп отыр.

"Дегенмен Астана мен Алматы ірі қалалар, мұнда туристер көп келеді, сондықтан бағаны ұстап тұрамын деп айту қиын. Өйткені сұраныс жоғары. Оның үстіне, валюта бағамының секіруі, құрылыс материалдарының қымбаттауы да баспана құнына тікелей әсер етеді. Ал, аймақтарда үй алу әлдеқайда жеңілірек болады деп ойлаймын", - дейді маман.

Сатаевтың айтуынша, қазір сатып алушыларға төлемнің сан-алуан түрі ұсынылған. Бірақ, олардың көбі ипотекадан гөрі бөліп төлеуді көбірек таңдайды. Өйткені пайызы жоқ, артық төлем жасамайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети