Алматыда мыңға жуық екіқабатты ескі үй сүріледі

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мыңға жуық екіқабатты ескі үй сүріледі © krisha.kz

Алматыда бес жылдың ішінде мыңға жуық екіқабатты ескі үй сүріледі, себебі олардың шатырынан су ағып, іргетасы шытынап, едені опырылған. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бес жылдың ішінде мыңға жуық екіқабатты ескі үй сүріледі, себебі олардың шатырынан су ағып, іргетасы шытынап, едені опырылған. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған.  

"Олар алты ауданның бесеуінде орналасқан ірі аумақтар. Негізгілері Түрксіб және Жетісу аудандарындағы екі ірі аумақ, ондағы 200 үйдің 70-і ескі. Бұл жеке инвестиция болғандықтан, әрбір инвестор ақшасы мен ықтимал қауіп-қатерді санайды. Тұрғындардың кейде құжаттары болмайды, заңды қоныстанбаған немесе арестте болуы мүмкін. Біз қазір осының бәрін зерттеп жатырмыз", - деді "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Мұхит Әзірбаев.

Құлатылған үйлердің орнына жаңалары салынады. Бизнесмендер құрылыс жұмыстарына шамамен 320 миллион теңге бөледі. Ал билік өкілдері алғашқы көпқабатты үйлерді келесі жылдың соңында өткізбекші. 

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети