Алматыда қымбат пәтерлердің саудасы жүрмей жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қымбат пәтерлердің саудасы жүрмей жатыр

Алматыда қымбат пәтерлердің саудасы жүрмей жатыр, - деп хабарлайды "Крыша". Мамандардың айтуынша, Алматыдағы жаңа пәтерлер нарығында жыл басынан бері теңгемен есептегенде 20 пайызға, ал доллармен есептегенде 8 пайызға арзандаған. Жылдық көрсеткіш бойынша құны 41 пайызға түскен. Риэлторлардың айтуынша, баға екі есе құлдыраса да, қымбат санаттағы пәтерлерге сатып алушы табылмай жатыр екен. 

Қазақстандық жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтың айтуынша, жоғары санаттағы баспаналардың құны теңге девальвацияға ұшырағанынан кейін доллар эквивалентінің 50-60 пайызға түскендіктен төмендеген. "Теңгемен есептелетін жылжымайтын мүлік бағасының корректировкасы доллардың төмендеуіне байланысты болып отыр. Мердігерлер төлем қабілеті бар сұраныстың төмендегенін атағаннан кейін, сатып алушыларды тарту үшін түрлі дисконт бағдарламалар шығара бастады", - дейді маман. 

Қазақстан риэлторларының біріккен ассоциациясының вице-президенті Лариса Степаненконың айтуынша, элиталық жылжымайтын мүлік нарығында эконом-кластағы нарыққа қарағанда әрқашан да сатып алушылар аз болған. Ал қазір келісімдер саны минимумға азайып отыр екен. Бұдан кейін мердігерлер сатып алудың тиімді шарттарын: бөліп төлеу мен жеңілдіктерін ұсынып отыр.   

Almaty Real Estate жылжымайтын мүлік агенттігінің президенті Зухра Назарова да элиталық тұрғын үй кешенінде қазіргі уақытта пәтерлердің саудасы жүрмей қалғанын атап отыр. "Сатып алушылардың басым бөлігі - осы сегментте жылжымайтын мүлік сатып алуды бұрыннан жоспарлап жүргендер, оларға қазіргі уақытта тиімді жағдайлар ұсынылып отыр. Ал жеке үйлердің сұранысы тіпті де жоғалды, алайда жабық қалашықтарда таунхаустар мен коттедждерге деген сұраныс артты", - дейді маман. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети