"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының Алматыдағы "Асыл Арман" ТК-нен пәтер алуға өтінім бергендердің саны екі сағатта 9363-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының Алматыдағы "Асыл Арман" ТК-нен пәтер алуға өтінім бергендердің саны екі сағатта 9363-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қордың ресми сайтындағы мәліметтер бойынша, өтінімдерді қабылдау уақыты сағат 10.00-ден бастап түскі сағат 12.10-ға дейін 9363 адамнан өтінім келіп түскен. Олардың 80-і тікелей сатып алуға болса, 9283-і сатып алу құқығымен пәтерді жалға алу үшін берілген.
Сайтта жарияланған тізім бойынша, пәтерді тікелей сатып алғысы келген 80 адамның 41-і бір бөлмелі пәтерге, 22-сі - екі бөлмелі және 17-сі үш бөлмелі пәтерге өтінім берген. Ал сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге келіп түскен өтінімдер көрсеткіші мынадай: бір бөлмелі пәтер - 5 542, екі бөлмелі пәтер - 2 451, үш бөлмелі пәтер - 1 290.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының Алматыдағы "Асыл Арман" ТК-нен пәтер алуға өтінімдердің Астана уақыты бойынша 18 мамыр күні сағат 10.00-ден 2 маусым сағат 10.00-ге дейін қабылданатыны хабарланған еді. Ал оған дейін жалдамалы пәтер алуға өтінім қабылдайтын сайтқа бірнеше рет хакерлік шабуыл жасалып, өтінімдер жойылған болатын.