27 маусым 2016 | 13:22

Алматыда жаңа салынған құрылыстардың бағасы девальвациядан бері қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Krisha.kz басылымының сарапшылары Алматыдағы жылжымайтын мүліктің бағасына 2015 жылдың шілде айынан бастап бақылау жүргізді. Айта кетейік, жүргізілген бақылауға Алматы облысының жекеменшік құрылыс компаниялары салған көпқабатты тұрғын үй кешендері ғана алынды.


Иконка комментария блок соц сети

Krisha.kz басылымының сарапшылары Алматыдағы жылжымайтын мүліктің бағасына 2015 жылдың шілде айынан бастап бақылау жүргізді. Айта кетейік, жүргізілген бақылауға Алматы облысының жекеменшік құрылыс компаниялары салған көпқабатты тұрғын үй кешендері ғана алынды.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің өкілдері жаңа ақша-кредит жүйесін енгізген болатын. Сондықтан елімізде айырбас бағамы құбылмалы болған еді. Ал осы уақыттан бастап ақша-кредит жүйесі сыртқы экономикалық факторларға сүйене отырып, жұмыс істейтін болды.

2015 жылдың соңына қарай доллардың бағамы 72.7 пайызға өссе (2015 жылдың желтоқсан айынан шілдеге дейін), 2016 жылдың қаңтар айында максимум көрсеткішке, яғни бір доллар 383, 91 теңгеге жеткен. Орта есеппен алғанда өткен жылдың шілде айынан бастап осы жылдың қаңтар айына дейін доллардың бағамы 93,5 пайызға дейін жоғарылаған.

Айта кетейік, қазақстандық нарықта жылжымайтын мүліктің бағасы доллармен белгіленуіне байланысты америкалық валютаның бағамы үнемі өзгеріп отырды. Ал мердігерлер арнайы бағамды орнатып қойған еді, яғни бір доллар үшін 188-200 теңге.

Сонымен қатар, алматылықтардың жылжымайтын мүлікке деген сұранысына пәтерлерді сатып алу-сату келісімдері дәлел бола алады. Мысалы, Алматы қаласының Әділет департаментінің 2015 жылғы жартыжылдықтағы мәліметтеріне қарағанда, биыл Алматыда 49 пайыздан аса келісім держүргізілген екен. Айта кетейік, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық болып тұр.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейінгі келісімдердің саны 70 пайызға артқан. Ал 2016 жылы тіпті рекордтық көрсеткішке жеткен. "Осы уақыт бойы мердігерлердің бірі бағаны бақылай алмаса, біреулеріне құрылысты тоқтатуға немесе құрылысты кейінге қалдыруға тура келді", - дейді сарапшылар.

Ал осы жылдың мамыр айындағы көрсеткішке қарағанда, Алматы қаласында жылжымайтын мүліктің 1 текше метр үшін орташа бағасы 504 588 теңгені көрсетіп тұр. Яғни, жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 9 пайызға дейін төмендеген, ал доллармен санағанда 0,7 пайызға дейін төмендепті. Қорытындылай келе, 2015 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың мамыр айына дейін жылжымайтын мүліктің бағасы теңгемен есептегенде 19 пайызға өссе, доллармен есептегенде 33 пайызға төмендеген.

Айта кетейік, зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жаңадан салынған он екі тұрғын үй кешені сатылымға шыққан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети