Мамыр айының соңындағы көрсеткіштерге қарағанда Алматыдағы пәтерлердің бағасында аса өзгеріс байқалмайды. Бірақ жыл басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда пәтер бағасы шаршы метріне 10 мың теңгеге арзандаған. - дейді kn.kz сарапшылары.

Наурыз айындағы бағаның төмендеуінен кейін Алматыдағы пәтердің орта бағасы шаршы метріне 361 мың теңге немесе 1151 доллар деңгейінде болған.
Осылайша, мамандардың айтуынша, Алматыда пәтерді орта есеппен 23 миллион теңгеге алуға болады. 1 бөлмелі пәтерді 11,7 миллион теңге тұрса, 2 бөлмелі пәтер шамамен 19,5 миллион теңге тұрады. "Қымбат" пәтерлердің бағасы шаршы метріне 480 000 теңге деңгейінде тұрса, "арзан" пәтерлердің шаршы метрі 268 000 теңгеге тең.