Krisha.kz сарапшылардан Алматының қақ төрі қай аумақтарды қамтитынын, ол аудандарда салынған пәтерлердің жағдайы қазір қандай екенін және ондағы баспана құны қанша екенін анықтап көрді.
Krisha.kz сарапшылардан Алматының қақ төрі қай аумақтарды қамтитынын, ол аудандарда салынған пәтерлердің жағдайы қазір қандай екенін және ондағы баспана құны қанша екенін анықтап көрді.
Басылым журналист Андрей Свиридовқа сілтеме жасай отырып, Алматының қақ төріне қай көшелердің жататынын тізіп берді. Андрей Свиридовтың айтуынша, Абай даңғылынан төмен орналасқан аудандар, Желтоқсан мен Гоголь көшелері, шығыс жақта кіші Алматы өзені, Құрманғазы пен Пугасов көшелері арасындағы көпір аралығы, сосын Қалдаяқов көшесі кіреді. Бұл қазіргі уақытта қаланың қақ төрі аталатын көшелер екен.
Ал осыған дейін кезінде Алматының қақ төрі (Верный болған кезде 1870-жылдары) Штабной (қазіргі уақытта Гоголь көшесі), Казначей көшесі (Қалдаяқов), Мещанский (Қабанбай батыр) және Старокладбищенский (Абылай хан даңғылы) көшелері болған.
Сондай-ақ, осы көрсетілген квадраттың бір жағында Желтоқсан көшесі, Назарбаев даңғылы, Абылай хан мен Достық даңғылдары сияқты магистраль көшелерді, ал екінші жағында Зенков, Пушкин, Уәлиханов, Түлебаев, Панфилов, Бәйсейітова мен Чайковский көшелері бар екенін ажырата білу керектігі айтылады.
Ал бағасы жайлы айтатын болсақ, Алматының қақ төрінде орналасқан пәтерлердің бағасы орта бағадан жоғары. Krisha.kz мәліметінше, осы аумақта орналасқан 100-ден аса нысанның бағасы 15-140 миллион теңге арасында.
30-40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді (жөндеуден өткен және жиһазбен) 20-40 миллион теңге, 43-88 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтерді 20-58 миллион теңге аралығында, ал аумағы 55-152 шаршы метрге жететін 3 және - бөлмелі пәтерлердің бағасы 55-90 миллион теңге.
Ал, мысалы, Түлебаев, Жамбыл, Қабанбай батыр, Қонаев көшелерінде пәтерлердің шаршы метрі 600 000 теңгеден басталады екен.
Осы сайтта жарияланған хабарламалардың бірінде Қонаев атындағы музейдің маңындағы төрт бөлмелі пәтердің иесі 73 миллион теңге (шаршы метрі 663.6 мың теңге) сұрап отырғанын көруге болады. Пәтердің аумағы - 110 шаршы метр.
Ал Абылай хан даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында орналасқан 1957 жылы салынған үйдегі 5 бөлемі пәтердің аумағы 152 шаршы метрді қамтиды екен. Пәтер иелерінің айтуынша, олар 3 бөлмелі және 4-бөлмелі пәтерді біріктірген. Ал шаршы метрін пәтер иелері шамамен 900 000 теңгеге бағалап отыр.
Сондай-ақ, Krisha.kz Алматының қақ төрінде орналасқан пәтерлердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып өтті.
Кемшіліктері:
Бағасы жоғары, пәтерлер кішкентай (мысалы, жуыну бөлмесі - 4 шаршы метр); ескірген құбырлар мен электр желілері, лифт жоқ, пәтерлер заңсыз қайта жоспарланып өзгертілген.
Артықшылықтары:
Дамыған инфрақұрылым, көгалдандырылған, дыбыс өткізбейді, пәтер жалдап тұратын көршілер саны аз, аулада тыныш, коммуналдық қызметтер қымбат емес.