Алматының орталығындағы ең арзан пәтерлердің бағасы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының орталығындағы ең арзан пәтерлердің бағасы белгілі болды © Yvision

Алматының орталығында салыстырмалы түрде ең арзан жаңа пәтерлердің бағасы белгілі болды. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Homsters.kz жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған онлайн-сервисінің жетекшісі Олеся Мельникова жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының орталығында салыстырмалы түрде ең арзан жаңа пәтерлердің бағасы белгілі болды. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Homsters.kz жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған онлайн-сервисінің жетекшісі Олеся Мельникова жауап берді.

Маманның айтуынша, Алматының орталығындағы (Алмалы ауданы мен Бостандық, Медеу аудандарының орталыққа іргелес аумақтары) жаңа үйлер пәтерлерінің ең төменгі бағасы - шаршы метріне 230-250 мың теңге.

"Шаршы метрлер құнының үй орналасқан ауданға байланысты екенін айта кету керек. Айталық, Алмалы ауданында бағасы жағынан қолжетімді ұсыныстар шаршы метрі 230-280 мың теңге аралығында ("Кәусар", "Алтын Бұлақ", "Панорама" тұрғын үй кешендері)", - делінген жауапта.

Ал Бостандық ауданының орталыққа іргелес аумақтарында ең қолжетімді ұсыныстар - 400-420 мың теңге ("Есентай", "Алма", Abay Residence тұрғын үй кешендері) екен.

Медеу ауданында қала орталығына жақын нысандардың ең төменгі бағасы - шаршы метріне 435-480 мың теңге, мұндай баға Exclusive Residence және Latifa Residence тұрғын үй кешендерінде.

Мұнымен қатар, маман жаңа үйлердегі шаршы метрдің бағасына әсер ететін басқа факторларды айтып берді. "Тұрғын үй кешенінің санаты - баспананың санаты қаншалықты жоғары болса (ең жоғарғысы - І санат (Элит), оның құны да сондай болады; нысанның дайын болу кезеңі - құрылыс аяқталуға қаншалықты жақын болса, ондағы баға да соншалықты жоғары болуы мүмкін; үй салушылардың пәтерді әрлеп беруі; тұрғын үй кешендерінде ұсынылатын шаршы көлемі - кей жағдайларда үй салушылар бөлме саны әртүрлі пәтерлерге бағаны түрліше белгілеуі мүмкін", - дейді онлайн-сервисінің жетекшісі Олеся Мельникова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети