ПОДЕЛИТЬСЯ
27 тамыз 2019 | 17:22
Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысқан құрылысшылар марапатталды
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты № 1-сектор. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс әрі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызмеіне сілтеме жасап.

Осыған орай, бүгін Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ, Атырау облысы мен Жетісай ауданы әкімдігінің қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сектор аумағында тұратын арыстық жергілікті тұрғындарға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастарқан жайылды.
Айта кетерлігі, №1-сектор Көктем шағын ауданында орналасқан. Аумаққа қарасты 571 үйдің 468-і жөндеуден өткен. Оның ішінде 55 үй толықтай басынан тұрғызылып отыр. Бұдан бөлек, 11 кәсіпкерлік нысан жөнделген. Құрылысты барлығы 13 мердігер компания жүргізді. Жалпы құрылысқа 700-ге жуық құрылысшы мен 12 техника жұмылдырылған.
Показать комментарии
Читайте также