23 шілде 2019 | 16:56

Арыста 155 үй толықтай бұзылып, қайта салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elitar.kz © elitar.kz

23 шілдеге қарай құрылысшылар 1963 жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үй объектілерін тапсырды. Күн батқанғанға дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2 мыңға жетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

23 шілдеге қарай құрылысшылар 1963 жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үй объектілерін тапсырды. Күн батқанғанға дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2 мыңға жетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ай басынан бері  Арыс қаласында шыжғырып тұрған күн астында 7367 құрылысшы еңбек етуде, олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдармен толығуда. Сонымен бірге, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді қалпына келтіруде. Құрылыс бригадалары 155 үйді бұзып, қайта тұрғызып жатыр.

Алайда, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, мамандар әлі күнге дейін 51 үйге қол жеткізе алмай отырғандықтан, тексеру жүргізу, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін болмай тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигонда болған жарылыстан барлық тұрғын үй қорының 85 пайызы зардап шеккен болатын. Нысандарды қалпына келтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети