18 шілде 2019 11:21

Арыста 6,5 мыңнан аса құрылысшы үйлерді жөндеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір тәулік ішінде құрылысшылар Арыс қаласында тағы да 109 тұрғын үйді тапсырды. Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны 18 шілдеге дейін 1469-ға жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қымзетіне сілтеме жасап.

Арыс тұрғын үй қорын қалпына келтіруде елдің 17 өңірі мен Республикалық маңызы бар қалалардың 207 құрылыс компаниялары жұмылдырылған. Бұл шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.

Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85 пайызы бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын қалпына келтіру жұмыстарымен 100-ден 250-ге дейін үй қамтылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети