Арыста 5 мың үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста 5 мың үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бүгінгі таңда Арыс қаласының 1875 үйінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі таңда Арыс қаласының 1875 үйінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректеріне сәйкес, қала шартты түрде бөлінген 17 секторда қазір 7324 жұмысшы жұмыс істейді. Олар 4804 жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді салу және жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Құрылысшылар термометр бағанасы күндіз Арыста 45 градустан төмен түспесе де, штаттық режимде жұмыстарын жалғастырып жатыр.    

"Жұмыс күні таңғы алтыға қарай басталады және сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін құрылысшыларға үзіліс жариялаймыз. Адамдарға демалыс береміз, өйткені аптап ыстық күннің астында жүру мүмкін емес. Құрылысшылар сағат төрт жарымдар шамасынан бастап кешке дейін жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Басқалай болуы мүмкін емес", - деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ вице-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бері жұмыс істеуде. Министрлік мамандары құрылыс барысын қадағалайды. Қаланы қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар қатысуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети