ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 мың құрылысшы қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.
Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды Министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.