Астана мен Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына кірді

20 Қаңтар 2018, 12:46
2
Астана мен Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына кірді - © astana.gbsge.com
© astana.gbsge.com

Астана мен Алматы әлемдегі ең арзан жүз қаланың қатарына кірді, - деп хабарлады Крыша халықаралық Numbeo порталына сілтеме жасап.

Ақпараттық портал Cost of Living Index 2018 деп аталатын есепті жариялады, ол әлемдегі өмір сүру ең қымбат және ең арзан түсетін қалаларға арналады. Ол рейтингте 540 қала бар, ал Астана мен Алматы 470 және 478-орындарда. Ал қолжетімдірек ден саналатын санатта бұл қалаларымыз 70 және 62-орындарда тұр.

"Тізімде Алматыға жақын тұрған непалдық Катманду мен колумбиялық Медельин. Ал Астанаға жақыны Мехико мен сербиялық Ниш болды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, бұл рейтингте өмір сүру құны Нью-Йорк қаласымен салыстырылған, оның рейтингтегі деңгейі 100 пункт болды. Рейтингті жасау үшін әр елдердегі азық-түліктің, заттардың, коммуналдық қызметтер мен баспананың бағасы ескерілген. Осылар есепке алына отырып, Астанадағы өмір сүрудің деңгейі - 37.5, Алматыныкі 36 пункт деп жарияланды.

"Әлемдегі ең арзан қалалардың ондығына үнділердің сегіз, украиналықтардың екі қаласы кірді. Рейтингтің ең төменгі көрсеткіші (20 пункт) Тривандрам қаласында. Ал ең қымбат қалалардың көшін Гамильтон бастап тұр, ол 145.4 пункт жинады. Сонымен қатар, бұлардың қатарында швейцариялық алты, норвегиялық екі және исландиялық бір қала бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәскеу 362-орында, ол 51.8 пункт, ал Санкт-Петербург 41,6 балл жинап 401-орында тұр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай