Астанада баспана айтарлықтай арзандады - Исекешев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада баспана айтарлықтай арзандады - Исекешев Иллюстрациялық сурет © Николай Колесников

Астанада соңғы үш жылда бастапқы баспана бағасы теңгемен шаққанда 10 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада соңғы үш жылда бастапқы баспана бағасы теңгемен шаққанда 10 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, баспананың арзандауына басты себеп - мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйлердің көптеп салынуы. 

"Мемлекеттік бағдарлама аясыда жалға берілетін баспана, қолжетімді кредиттік үйлер бағңаның түсуіне септесіп отыр. Мемлекеттік баспана құны шаршы метріне 180 мың теңгеден асып отырған жоқ. Астаналық құрылысшылар мұндай жағдайда жыл сайын бағасын арзандатып отыр. Біз оларды инфрақұрылым салу арқылы қолдап отырмыз, өз бағасын субсидиялап отырмыз десе де болады. Соңғы үш жылда Астанада баспана құны шаршы метріне 355 мыңнан 324 мыңға түсті, 10 пайыз деуге болады, доллармен шаққанда екі есе. Оның үстіне нарқыта шаршы метріне 260 - 280 мың ұсынатындар да бар", - дейді әкім. 

Исекешевтің сөзінше, пайдалануға берілген үйлер саны бойынша 2017 жылы рекорд болды. 

"Мемлекет баспанпаның қолжетімді болуы үшін мүмкіндігінше жағдай жасауда. Былтыр Астанада баспана рекордты деңгейде берілді - 2 миллион шаршы метр, соның ішінде 93 пайызы жеке инвестициялар есебінен. Бюджет есебінен жеті тұрғын үй кешені, осы арқылы 1 062 отбасы баспаналы болды", - дейді қала басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети