Астанада пәтерлердің бағасы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада пәтерлердің бағасы қандай? © bazis.kz

Астанада пәтерлердің бағасы бір қалыпта тұр, - деп хабарлайды kn.kz басылымы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада пәтерлердің бағасы бір қалыпта тұр, - деп хабарлайды kn.kz басылымы. 

2016 жылдың 5-11 қыркүйек аралығында Астанадағы пәтерлердің орта бағасы шаршы метр үшін 370,2 мың теңге немесе 1 097 долларды көрсетті.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, пәтерлердің бағасы оның қай ауданда орналасқанына байланысты реттеледі. Мысалы, "Сарыарқа" ауданындағы пәтерлердің бағасы шаршы метр үшін 336 мың теңге (+0,33 пайыз) болса, "Алматы" ауданындағы пәтерлердің бағасы шаршы метр үшін 358 мың теңге  (+0,21 пайыз) екен. Ал "Есіл" ауданындағы пәтерлердің бағасы шаршы метр үшін 447 мың теңгеге (+1,28 пайыз) жеткен. 

Айта кетейік, елордадағы қымбат тұрғын үйлердің орта бағасы шаршы метр үшін 488 мың теңге болса, арзан тұрғын үйлердің бағасы шаршы метр үшін  278 мың теңге екен. Астанада пәтерді шамамен  25 331 000 теңгеге алуға болады екен.

Осыған дейін Назарбаев Қазақстанда кімдердің пәтер ала алатынын айтқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети