Астана әкімдігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы баспана алуға өтінім қабылдаудың басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана әкімдігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы баспана алуға өтінім қабылдаудың басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 1-5 маусымда (қоса алғанда) жүргізіледі. Сату үшін 134 пәтер қарастырылып отыр, оның ішінде: 54 - бір бөлмелі пәтер, ауданы 32,21-ден 35,9 шаршы метрге дейін; 54 - екі бөлмелі пәтер, ауданы 49,75-тен 50,65 шаршы метрге дейін; 26 - үш бөлмелі пәтер, ауданы 65,98-ден 68,92 шаршы метрге дейін", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әкімдік мәліметінше, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласының әкімдігі мен "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы арасында "Сарыбұлақ арнасы бойындағы Тілендиев даңғылының оң жағына қарай орналасқан тұрғын үй кешендері (Лот Б-8В)" көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі 134 пәтерді сату бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны - 120 мың теңге.
"Тұрғын үй тұрғын үй несиесі, тұрғын үй құрылыс жинақ немесе өз қаражаты есебінен тікелей сатып алу жолымен жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттілігі дәлелденбеген жағдайда тұрғын үй кейіннен сатып алу құқығымен кем дегенде 8 жыл мерзімге жалға беріледі", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын пайдаланумен іске асырылатын болады. Портал тәулік бойы жұмыс істейді.
Бағдарламаға сәйкес бұл бағытта Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде келесі санаттар бойынша тұрған (кезектегілер) азаматтар ғана қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары (Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар; мүгедек баласы бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жасына жеткен зейнеткерлер; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар); мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Айта кетейік, бағдарлама талаптары бойынша бұл бағытты іске асыруда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алмайды: Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары; 1 және 2 топ мүгедектері; Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылған адамдар.
Мамандардың айтуынша, бағдарлама аясында құжаттар қабылдау мерзімі кезінде өтініш бір рет қана берілуі мүмкін. Оған қоса өтініш тікелей коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған адамнан ғана берілуі керек. Егер өтініш иесі кезекте тұрмаса, онда өтініш жоққа шығарылады. Портал арқылы өтініш толтырар алдында өтініш беру бойынша нұсқаулықпен танысу қажет.
Бағдарламаға қатысуға қажетті құжаттар туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.