28 қараша 2018 | 14:00

Барлығын күштеп тартудың қажеті жоқ - Президент "7-20-25" жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік емес ұйымдардан "7-20-25" үкіметтік тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асуын қадағалауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік емес ұйымдардан "7-20-25" үкіметтік тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асуын қадағалауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Пәтер құнының 50 емес, 70 емес, бар болғаны 20 пайызын жинау қажет. 7 пайызбен 25 жылға несие аласың. Менің есебім бойынша, отбасында екі адам жұмыс істесе - оңай болады. Бұл дегеніміз табыстың 25-30 пайызын төлеу. Төлеп болған соң бұл пәтер өзіңіздік болады. Осыны пайдаланып, жұмыс істеу керек. Ниет білдірушілер аз дейді, бірақ біздің ойымызша барлығын күштеп тартудың қажеті жоқ. Кім алғысы келсе, сол келсін", - деді Президент Қазақстанның VIII Азаматтық форумында.

Оның айтуынша, мемлекет басқа жеңілдік бере алмайды. 

"Осы бағдарламалар, елдің пікірі мен алғысына бөленетін шараны мемлекеттік емес ұйымдардан бақылауын сұраймын. Бізде әкімдікте қоғамдық кеңестер бар, бәлкім онда МЕҰ ұйымдары да қатысып жатқан шығар. Неліктен орындалмай жатқанын айту керек. Бұл нонсенс - бағдарлама бар, қаржыландыру бар, басқа не керек? Жасау керек осыны", - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, Астанада VIII Азаматтық форумы өтіп жатыр. Онда 2020-2025 жылдары азаматтық қоғам даму концепциясы жобасын талқылау мәселесі көтерілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети