28 наурыз 2018 | 10:00

Барлық валюталық ипотекалық қарыз теңгеге ауыстырылады - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kn.kz © kn.kz

2018 жылдың 27 наурызында ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бұл туралы Басқарма отырысының қорытындылары бойынша өткен отырыста Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2018 жылдың 27 наурызында ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бұл туралы Басқарма отырысының қорытындылары бойынша өткен отырыста Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар екі блоктан тұрады. Бірінші блок Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке халыққа 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздар бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды. Қазақстанда осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде іс жүзінде жеке тұлғалардың баспанамен және өзге жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады", - деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы.

Сондай-ақ, Данияр Ақышев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістері шетел валютасында емес жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздар беруге заңнамалық тұрғыдан тыйым енгізілгенін еске салды.  Ұлттық Банк басшысы жаңартылған бағдарламаның негізгі талабын айтып өтті.

"Ол жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген толықтырулар 21 000-нан аса қарыз алушының қарыздарын өтеуге оңтайлы жағдайлар жасайды", - дейді Ақышев.

Мұнымен қоса, Ақышев валюталық ипотекалық қарыз алушылардың назарын бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзінің кредит берген банкіне тез арада жүгіну қажеттілігіне аударуды сұрады.

"Бағдарламаға енгізілген өзгерістердің екінші блогы 2004-2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бағдарлама шегінде бүгінгі күні 23 000-нан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді. Олар өздерінің жалғыз баспаналарын сақтап, ипотекалық қарыздары бойынша төлемдерін жеңілдете алды. Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескерсек, қайта қаржыландырылған қарыздар саны 2026 жылға дейін шамамен 40 мың болады деп болжанып отыр", - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

Сондай-ақ, банк төрағасы бағдарламаға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау алдында банктердің, қоғамдық бірлестіктердің және ҚР Үкіметінің үлкен жұмыс жүргізгенін айтып берді.

"Жалпы алғанда Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді іске асыру мақсатында Үкіметпен бірлесіп банктер үшін және сол сияқты қарыз алушылар үшін салық артықшылықтарын беру бойынша жұмыс жүргізілді", - деп нақтылады Ақышев.

Осы орайда Ақышев Ұлттық Банктің ипотекалық қарыз алушыларға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға көмек көрсетудің үшінші кезеңіне кіріскенін атап өтті.

"Біз, мемлекеттік қолдауға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылардың ерекше мұқтаж екенін көріп отырмыз. Олардың көпшілігінің жалғыз табыс көзі іс жүзінде мемлекеттік төлемдер мен жәрдемақылар болып табылады. Олар кредиттерін төлеу үшін оларды банктерге беруге мәжбүр. Қазір Ұлттық Банк маңызды заңнамалық бастама жасады. Оның мәні: қарыз алушының ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты бағдарлама шеңберінде банктерге өндіріп алу айналысы нәтижесінде олардың меншігіне өткен тұрғын үйді жалға тапсыру құқығы берілді. Осы түзету қарыз алушыға оған бұрын тиесілі болған тұрғын үйді өз меншігіне қайтарып алу мүмкіндігі беріледі", - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

"Мемлекеттің объективті жағдайлар нәтижесінде қиын жағдайға тап болған ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету бойынша бұрын соңды болмаған шаралар қабылдайтынын атап өткім келеді. Жинақталған тәжірибе ескеріле отырып қаржы реттеушісінің күш-жігері сондай-ақ ипотекалық кредиттеуді ынталандыруға бағытталады деп ойлаймын. Мәселен, қазіргі кезде Ұлттық Банк "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде", - деп түйіндеді Данияр Ақышев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети