"Баспана" ИҰ" АҚ мен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Баспана" ИҰ" АҚ мен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады

Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционер ретінде "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ты оған "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ-ты қосу нысанында ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қайта ұйымдастырылған компания "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ мен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ қызмет бағыттарын сақтайды: - екінші деңгейдегі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының
қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу; ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ бағдарламаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын сатып алып, "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы мен "Баспана Хит" нарықтық ипотекалық өнім операторының функцияларын жүзеге асыру", - делінген хабарламада. 

Қайта ұйымдастыру банк секторын дамыту және халық үшін ипотекалық қарыздардың қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ мен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ активтерін тиімді пайдалануды арттыруға мүмкіндік береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети