Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бола ма? Әкімдік жауап берді

Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бола ма? Әкімдік жауап берді Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл жеңілдікпен несиелендіру бойынша "Алматы жастары" бағдарламасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл жеңілдікпен несиелендіру бойынша "Алматы жастары" бағдарламасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, "Алматы жастары" қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2022 жылғы қабылдаудың басталуы, өтініштер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның ағымдағы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпаратты Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан бақылау қажет.

"Бағдарлама аясында 1000 (мың) жас отбасын пәтермен қамту жоспарланған. Бұл бағытта әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, "Алматы жастары" - жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Оның ерекшелігі төмен пайыздық мөлшерлемесінде. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қарай жеке есептеледі және үш жылдан 25 жылға дейін созылуы мүмкін.

2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 миллион теңге еді. Былтыр несие 18 миллионға артты. Егер өтініміңіз қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 миллионға баспана іздей беруіңізге болады.

Негізгі талаптар: 

- Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс өтілі;
- Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
- 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети