21 қаңтар 2018 | 11:27

Биыл берілетін баспаналардың жалпы аумағы 10,5 миллион шаршы метрден асады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Қазақстанда 2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 10,5 миллион шаршы метрден астам немесе 100 мыңға жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР премьер-министрінің сайтында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының алғашқы жылдың қорытындысы жарияланды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 10,5 миллион шаршы метрден астам немесе 100 мыңға жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР премьер-министрінің сайтында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының алғашқы жылдың қорытындысы жарияланды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2018 жылға қойылған жоспарды қарайтын болсақ, биыл 100 мыңға жуық қазақстандық отбасы баспаналы болады. Хабарламада былай делінген:

2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 10,5 миллион шаршы метрден астам немесе 100 мыңға жуық тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету жоспарланған.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен пайдалануға беру күтілуде:  

сатып алусыз ЖАО-ның 3599 арендалық пәтері (189 000 шаршы метр);
ЖАО несиелік тұрғын үйінің 14 815 пәтері – МҚҚ (900 700 шаршы метр);
БД несиелік тұрғын үйдің 588 пәтері (35 100 шаршы метр);
сатып алумен "ҚИК" АҚ 1859 арендалық пәтері (103 мың шаршы метр); 
СҚЖМҚ 5251 коммерциялық пәтері (286 100 шаршы метр);
ҚДБ қорытындылаушы жобалары бойынша 1716 пәтер (113 000 шаршы метр).

Айта кетейік, 2017 жылы жалпы аумағы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, ол 2016 жылмен салыстырғанда 106,2 пайызды құраған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети