Доллар шарықтағаннан кейін Алматыда студия-пәтерлерге деген сұраныс артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар шарықтағаннан кейін Алматыда студия-пәтерлерге деген сұраныс артты Көрнекі сурет. © yit-dom.ru

Алматыда доллар шарықтағаннан кейін студия-пәтерлерге деген сұраныс артты, - деп хабарлайды "Крыша" порталы "Квартира плюс Ко" жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің директоры Екатерина Мереноваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда доллар шарықтағаннан кейін студия-пәтерлерге деген сұраныс артты, - деп хабарлайды "Крыша" порталы "Квартира плюс Ко" жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің директоры Екатерина Мереноваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, негізі сатып алушылар - қаражаты көп емес орта класс, олар пәтерді жалға беру үшін сатып алғысы келеді. "Бізге көп жағдайда шамамен 30 мың доллардай ғана қаражаты бар клиенттер келеді. Олар осы сомаға пәтер тауып беруімізді сұрайды, бірақ бұл сомаға таңдау көп емес - не жөндеу жұмыстары жүргізілмеген каркас-қамыс үйден кішігірім пәтер, не жаңа студия-пәтер. Көп жағдайда клиент екінші нұсқаны таңдайды. Мұндай баспананы жалға беру ыңғайлы", - деп түсіндірді Меренова. 

Сайтта қалада қазіргі уақытта эконом классындағы тұрғын үй кешендеріндегі шағын отбасыға арналған пәтерлердің тренд болып тұрғаны айтылады. Оларды жуыну бөлмесі, дәретханасы және асханасы бар студия-пәтер деп те атайды. Порталдың мәліметінше, үй салушылар сатып алу әлеуеті нашарлағаннан кейін шағын баспаналарды салуға көшкен. 

Мұндай пәтерлердің басты айырмашылығы - ауданы тар, бірақ барынша пайдалы. Мұндай пәтерлер көбінде ауданы 28-34 шаршы метр болатын бір бөлмелі болады. Алайда ауданы 32-40 шаршы метр болатын екі бөлмелілері де бар. 

Сонымен қатар, 2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй кешендеріндегі осындай пәтерлердің басым бөлігі сатылып қойыпты. "Бір қызығы, студия-пәтерлердің 90 пайызы сатылып қойды, тіпті енді салынып жатқан үйлердің пәтерлері де сатылып қойды. Жаңадан салынғандарының ішінде 2016 жылы пайдалануға берілетіндерінің ішінде осындай пәтерлердің оны ғана табылды", - делінген сайтта.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети