Елімізде "Әйелдер ипотекасы" қандай шарттармен беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде "Әйелдер ипотекасы" қандай шарттармен беріледі? © sadsha.ru

Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылайын деп жатыр. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Азия Даму Банкімен" біріге отырып, шамамен 4000 әйелге ипотека бермекші, - деп хабарлайды Krisha.kz.

"Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасыларын өздері асырап отыр. Сондай-ақ, әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз "Азия Даму Банкімен" бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырмақшымыз", - деді  "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.

Банктегілердің айтуынша, ипотека жобасына жаңа салынған үйлер де, қайталама нарықтағы пәтерлер де кіреді. Кредиттің максимал сомасы - 30 миллион теңге, алғашқы жарна - 15 пайыз. Бірақ ол әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден кем болуы тиіс. Ал жалақысы 200 мың теңгеден асатын әйелдер үшін алғашқы жарна - 20 пайыз. Пайыздық мөлшерлеме әлі белгісіз, ол туралы кейінірек айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети