Павлодар еліміздегі ең арзан пәтерлері бар үштіктің қатарына кірді. "Крыша" басылымының мәліметінше, Павлодарда жылжымайтын мүліктің орта бағасы шаршы метр үшін желтоқсан айында 162 275 теңге болған. Бұл көрсеткіш былтырғыдан қарағанда 1 пайызға немесе 1 565 теңгеге төмен болып тұр.

Жалпы 5 айда еліміздегі тұрғын үйлердің бағасы 4 пайызға дейін арзандаған. Егер де тамыз айында пәтерлердің орташа бағасы шаршы метр үшін 168,2 мың теңге болса, қыркүйек айында 166 мың теңгеге дейін арзандаған.
Сондай-ақ, қай өңірлерде пәтердің орташа бағасы басқаларына қарағанда арзандау екені белгілі болды. Мысалы, Таразда шаршы метр - 161,1мың теңге болса, Ақтөбеде шаршы метр - 161 мың теңге.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматының орталығындағы ең арзан пәтерлердің бағасы айтылған болатын. Маманның айтуынша, Алматының орталығындағы (Алмалы ауданы мен Бостандық, Медеу аудандарының орталыққа іргелес аумақтары) жаңа үйлер пәтерлерінің ең төменгі бағасы - шаршы метріне 230-250 мың теңге.