22 тамыз 2019 | 09:18

Елордада 15 жыл бойы салынып жатқан үй бұзылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада толық салынып бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үйі сүрілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада толық салынып бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үйі сүрілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы елорда әкімі 21 тамызда болған Nur Otan саяси кеңесі кеңейтілген отырысының кулуарында мәлімдеді. 

"Сіз сұрап отырған нысан бойынша, үйге демонтаж жасау керек. Қазір құжаттарды дайындап жатырмыз, кейін жаңасын саламыз. Үлескерлерге жаңа үй салып береміз", - деді Көлгінов 15 жыл бұрын салынып басталған тұрғын үйдің құрылысы жайлы сұраққа. 

Көпқабатты тұрғын үй кешені елорда орталығында 2004 жылдан бері салынып жатыр. Бірақ құрылыс әлі біткен жоқ. Нысан сол жағалаудың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. 

Бірнеше жыл бұрын бұл үй бітпеген нысандардың жәрмеңкесінде ұсынылған еді. Жәрмеңке тұрғын үйлердің құрылысын бітіруге дайын инвесторлар үшін өткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети