01 шілде 2016 | 16:35

Енді жалдамалы үйді алғанда сатып алу мүмкіндігі болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек" басшысы Ерболат Досаев жалдамалы баспана берудің сатып алу мүмкіндігі болмайтын жаңа механизмін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Бәйтерек" басшысы Ерболат Досаев жалдамалы баспана берудің сатып алу мүмкіндігі болмайтын жаңа механизмін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Енді болашақта жалдамалы баспананы сатып алу мүмкіндігі болмайтындай етіп жасау керек, азамат жұмыс күшінің мобильділігі болуы үшін сатып ала алмайды, ол басқа қалаға көшуі мүмкін, басқа облысқа ауысуы мүмкін - өзіне сол көшіп барған мекеннен жалдамалы баспана ала алады. Біз мұндай желіні Қазақстан бойынша жасауымыз керек", - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті. 

Кейін телекөпір аяқталғаннан кейінгі үзілісте Досаев осы механизмді түсіндірді. Оның айтуынша, бұл механизмнің кейінгі сатып алу мүмкіндігімен келісімшарт жасасып қойғандарға қатысы болмайды. 

"(...) Әр жерлерде өзіндік жалға беру қоры құрылатыны айтылып отыр. Себебі адамдар ауыса беретін болса, біз жалдамалы баспанаға үздіксіз қаражат құюымыз керек болады. Егер адамдар өз тұрғын үйінің жағдайын жақсартқысы келсе, олар "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне" келесі деңгейге өте алады мәселен. Ал жалдамалы үй басқа отбасыларға қалады. Бұл қалыпты эволюциялық форма. Осы форманы нарықты ынталандыру үшін, нарыққа келіп жатқандар осылай істеуге болатынын білуі үшін тұңғыш рет жасадық. Жаңа кезеңде біз жаңа жалдамалы тұрғын үй қорын құрамыз. Мәселен жас отбасылар балалары болғанда басқа пәтерге көшіп бара алатындай болады, біреу мүлік алғысы келуі мүмкін. Жалдамалы қор әрқашан жергілікті атқарушы органдарда немесе басқарушы компанияларда болады", - деді Досаев.

Сонымен қатар, Назарбаев алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасыны баспанамен қамтуды тапсырған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети