08 қазан 2014 | 16:00

Жас отбасылар ипотекасын субсидиялау туралы идея қолдау таппады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Ақ жол" партиясының жас отбасыларға ипотекалық несиелерді субсидиялау туралы идеясы қолдау таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевқа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Ақ жол" партиясының жас отбасыларға ипотекалық несиелерді субсидиялау туралы идеясы қолдау таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевқа сілтеме жасап. 

"Бұл заң жобасын талқылау аясында ("ҚР тұрғын үй қатынастары мәселесі туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" - Авт.) біздің фракция жас отбасылардың бала туғанда ипотекалық несиені төлеуіне субсидиялауға ұсыныс жасаған болатын. Бұл процестің үлкен маңызы бар, себебі қазір мемлекет тұрғын үй проблемасын толық шешетін жағдайда емес. Бірақ егер жас отбасы бала туу үшін, жұмыс істеу үшін ипотека алуды шешсе, менің ойымша, шығынның қандай да бір бөлігін мемлекет өтей алады. Біздің ұсынысымыз билік тарапынан қолдау таппады", - деді Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында.

"Мені бұл таңғалдырады. Жарайды, мемлекет 20-30 пайызын субсидиялай алмайды, онда мемлекеттің жас отбасыларды қолдауға деген қарым-қатынасын көрсету үшін 5,3,1 пайызын субсидиялап көрейік. Біздің келешегіміз жарқын деп айтамыз, біздің экономикамыз жаңа жұмыс күшіне мұқтаж болады. Біз не істейміз? Мүмкін, біздің жастарымыз 40 жасқа келгенін күтіп, пәтер алып, жағдайы жақсарып барып бала туа бастамауы үшін дұрыс болар еді", - деп жалғастырды ол өз сөзін. 

"Ақ жол" партиясының көшбасшысы "олар ең қажетті жасында, олардың жүрегі әзірге ыстық шағында, алғашқы махаббатқа сенетін кезінде, көп бала босанғысы келетін уақытта" жас отбасыларды қолдау керектігін айрықша баса айтты.

"Мемлекет қолдайтынын, құптайтынын мемлекеттік саясаттың элементі екенін көрсету керек. Бір пайыздан ешкім де жұтап қалмайтын шығар. Мен бұл мәселені тек экономикалық деп емес, біздің жас отбасыларға деген мемлекеттің қарым-қатынасын көрсететін саяси мәселе деп ойлаймын", - деді ол.

Бұдан басқа, Перуашевтың сөзінше, "Ақ жол" фракциясы заң жобасына түзету енгізді, бұл түзету саяжай құрылыстарын тұрғын үйге жатқызуға мүмкіндік береді. Десе де, бұл түзету де билік тарапынан кері қайтарылды. "Дәл осы мәселеде ондаған отбасы сотта жеңіліс тауып жатады. Заң жүзінде оны тұрғын үй статусы бола алмайтындығы себепті олардың прокуратураға жасаған үндеуі пайдасыз қалады. Біз бұл туралы көп дауластық. Осыған ұқсас жағдай басқа да елдерде болды, бірақ ол жақта мәселенің шешімі тапты. Осы жылдың 3 қыркүйегінде Украинада Жоғарғы Рада бақ пен саяжай телімдерін тұрғын үйге жатқызатын заң қабылдады. Ресейде бірінші оқылымда "Бақ өсіру, бақша және саяжай коммерциялық емес құрылыстар туралы" заң қабылдады, онда "тұрғын үй құрылысы" түсінігі "жеке тұрғын үйге" ауыстырылды. Біз мұндай шешімді осы күнге дейін жасамай келеміз. Естеріңізге салайын, министр Жәмішев (өңірлік даму экс-министрі - Авт) бұл заң жобасын талқылауының бірінші оқылымында мұндай проблеманың бар екенімен келіскен және шешім іздеумен айналысатынын уәде еткен. Бірақ сол шешім әлі де табылмай келеді", - деді ол.

"Біздің ұсынған өзгерістеріміз биліктің қолдауын таппағандықтан, "Ақ жол" фракциясы бұл заң жобасын қолдаудан бас тартады", - деп мәлімдеді депутат. 

Бұл уақытта сөз кезегін "Нұр Отан" партиясындағы әріптесі Айгүл Соловьева сұрады. "Азат Тұрлыбекұлының пікірін қолдай отырып, бір мәселеге ден қойғым келеді. Бұл - кондомимиум, ПИК, есеп берілуі керек кезде шығады, тұжырымдамалы түрде қарым-қатынасқа бағытталған заң. "Ақ жол" партиясы айтып өткеннің барлығы да бұл заң жобасына қатысы жоқтай болып көрінеді. Басқа заң шығару актілері кезінде осы заңдарды қарастырып, талқылауымыз керек. Биліктің қолдамаған себебі бұл тұжырымдамалық түрде басқа заңмен шешілетін жағдай деп ойлаймын. Депутаттарды заң жобасын қолдауға шақырды", - деді ол.

Бірақ Перуашев өзі айтқан проблемалардың осы заң жобасына тікелей қатысы бар екенін айтып, қарсы сөз сөйледі. "Бұл тұрғын үй қарым-қатынастарын реттейтін салалық заң жобасы. "Басқа заң жобасында шешу керек" деген сөзді біз бірінші рет естіп отырған жоқпыз. Бұл заң жобасының көп жақсы жақтары да бар. Олардың бір шарасы азаматтардың құқығын қорғайды, себебі жылыту кезеңінде адамдарды үйден шығармау керек. Бұдан басқа да көптеген жақсы жақтары бар. Егер біз бақша аумағындағы үйлерді тұрғын үйге ауыстырмай, біз адамдардың қысқы уақытта үйден көшіруді тоқтала алмаймыз. Не айтасыздар, мұның да қатысы жоқ па? Тікелей қатысы бар. Сондықтан біз өз пікірімізде қаламыз", - деді ол. Нәтижесінде заң жобасын 104 депутаттың 94-і қолдады. Екеуі қарсы дауыс берсе, қалғандары қалыс қалды. 

Ескерте кетейік, осыған дейін "Ақ жол" фракциясы премьер-министрдің атына депутаттық сауал тастаған болатын. Бұл сауалда Астана саяжай аудандарынан көшірілген азаматтарды тең бағалы үймен қамтамасыз ету туралы сұраныс қамтылған. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков ипотекалық қиындықтарды жеңілдеду туралы идея айтты. Оның сөзінше, ипотеканы төлеуге мемлекеттен көмекті халық сұрайды. "Мұндай ұсыныстар халықтан келіп түседі. Мұның барлығын есептеу керек, бюджеттің мүмкіндігін. Мен, мәселен, бұл керемет болар еді деп ойлаймын. Міне, жас отбасы, бала туылды және олар ипотека алғанда оның 25 пайызын мемлекет төлейтінін, былайша айтқанда қолдайтынын білетін болады. Егер тағы да бала босанса - тағы да 25 пайызын мемлекет төлеп береді. Бұл деген керемет қой! Біз халықпен, сайлаушылармен кездескенде олар билікке бюджет мүмкіндігін қарауға ұснысы жасайды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети