12 қыркүйек 2019 11:56

Жыл басынан бері Түркістан облысында үш мыңға жуық пәтер тапсырылды

Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысымен Түркістан облысында жалпы саны 2950 пәтер тапсырылған, - деп хабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысымен Түркістан облысында жалпы саны 2950 пәтер тапсырылған, - деп хабарлайды "Отырар"

Оның ішінде 7,7 мың шаршы метрлік 136 пәтер - қызметтік тұрғын үй, 60 мың шаршы метрлік 881 пәтер - арендалық тұрғын үй, 268,7 мың шаршы метрлік 1933 пәтер - жеке тұрғын үй құрылысы саналады.

Реклама
Реклама

2019 жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метрді құрап, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102 пайыз болып белгіленген.

Сондай-ақ, Түркістан облысында биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram