Қазақстан құрылысшылар қауымдастығында елдегі банктердің тұрғындарға баспана бойынша ипотека беруге мүдделі еместігі талқыланды және қосымша кепіл қажеттілігін алып тастау мәселесі көтерілді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан құрылысшылар қауымдастығында елдегі банктердің тұрғындарға баспана бойынша ипотека беруге мүдделі еместігі талқыланды және қосымша кепіл қажеттілігін алып тастау мәселесі көтерілді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі кезде алғашқы баспана үшін ипотекалық қарыздардың үлесі 8 пайыздай ғана. Үлестің басым бөлігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" тиесілі, ал ЕДБ-дан (екінші деңгейлі банктер) ипотека беретіндері 1-2 ғана, оның өзі өте аз мөлшерде. Ресейді мысалға алсақ, бұл елде оңды тәжірибе бар, мұнда үлес мөлшері үлкен, ал ипотека бойынша қарызды өтемеу 5 пайыздан төмен. Бағдарламаға енгізілген кейінгі түзетулер банктерге БЖЗҚ қаржысы есебінен қор бөлуді қарастырған болатын, өкінішке қарай, кейінірек Ұлттық банктің ескертуінен кейін бұл алынып тасталды. Қазіргі кезде банктер онсыз да ипотека беруге мүдделі емес", - дейді Айдын Рахымбаев.
Оның сөзінше, ипотекалық кредит беру бағдарламасы ЕДБ-нің ипотекалық зқарыз беруіне қор бөлуді қарастырмайды. Ал ЕДБ-де ұзақ мерзімге бөлетін ақшаның жоқтығына байланысты ұсынылған шаралар жалпылық сипатта болмайды. "Иә, қаржы құю арқылы нарықта серпін болады, бірақ, өкінішке қарай, бұл жалпылық сипатта болмайды және алғашқы баспана беруде еш өзгеріс әкелмейді", - деп атап өтті ол.
Еске салайық, ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша ипотекалық кредит беру шарттары жақсаратынын айтқан болатын.
"Баспана салу кезінде қосымша кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек. Алғашқы баспана сатып алғысы келетіндердің көбінде өзге баспананың жоғын айта кету керек, сәйкесінше, банкке қосымша кепіл бере алмайды", - дейді Рахымбаев.
Алғашқы баспана 15 пайызға дайын үйлерден арзан болғандықтан, тұрғындардың арзанырақ баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады. Бұл жағдайда ЕДБ үшін қандай да бір қауіп жоқ еді, өйткені баспана құрылысына үлескер ретінде қатысу туралы жаңа заң бойынша кепілдендірілген қорды капитализациялау республикалық бюджетте қарастырылған. Мемлекет үйдің толық салынып бітетініне кепіл береді. Осылайша, екінші деңгейлі банктер үшін қауіптер жойылады.