03 қыркүйек 2015 | 16:51

Қазақстанда 2016 жылдың соңына қарай үйдің бағасы 20 пайызға төмендейді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанда қайталама нарықта баспана құны (доллар эквивалентінде) келесі жылдың соңына қарай 20 пайызға төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен сараптау клубының отырысы өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанда қайталама нарықта баспана құны (доллар эквивалентінде) келесі жылдың соңына қарай 20 пайызға төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен сараптау клубының отырысы өтті.

Әңгімелесу барысында теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды деген тақырыпта пікірлер екіге бөлінді. 

"Осыған дейінгі, яғни 2014 жылы ақпандағы теңге бағамына түзету жасау жүйесіне мысал ретінде қарайтын болсақ, біз доллар бағасының қазіргі таңда 16 пайызға түскенін көреміз. Біз қазір теңге бағасының девальвациялық деңгейге қайта оралғанын көріп отырмыз. Қазіргі жағдайға байланысты айтатын болсақ, бұл жердегі теңге бағамының өзгерісінен біз халық табысының төмендегенін, отандық компаниялар кірісінің азайғанын көреміз, себебі дағдарыс қалай болғанда да оларға әсер етеді. Мұның барлығы баспана құнының түсуіне әкеп соғады. Біздің болжам бойынша, 2016 жылдың соңына қарай баға 20 пайызға төмендейді", - деді kn.kz ақпараттық порталының аналитикалық қызметінің басшысы Анна Шацкая.

Сарапшының айтуынша, қазір жылжымайтын мүлік нарығында "кейін шегінушілік" байқалады, яғни баға бұрынғы теңгеге қайтып оралады. "Бағаның құлауы одан да тереңірек болуы мүмкін", - дейді ол.

Сонымен қатар, Анна Шацкая қазір нарықта не болып жатқанын айтып берді. Оның мәліметінше, қазір сатушылар мен сатып алушылар жаңадан қалыптасқан жағдайға дағдыланып, бағаның тепе-теңдігін белгілеп жатыр. "Сатушыларға дисконт, жеңілдіктер жасау керек болады. Біз жеңілдіктердің мәлім болған бағаның 15, тіпті 20 пайыз болатынын білеміз. Пәтерді сату үшін сатушыларға бағаны ескі бағам бойынша белгілеуге тура келеді. Бұрынғы бағам бойынша қайта есептеу керек болады", - деді сарапшы, оның айтуынша жылжымайтын мүлік нарығы "бүрісіп қалды". Оның сөзіне қарағанда, "қазір сатушылар да, сатып алушылар да абдырап жүр".

Сарапшының мәліметінше, қазіргі таңда Астанада үйдің әр шаршы метрінің бағасы - 1820 доллар. Айта кетейік, бұл жердегі әңгіме қайталама нарықтағы баспаналардың құны жөнінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети