19 мамыр 2021 19:23

Қазақстанда "7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz коллажы ©Tengrinews.kz коллажы

"Баспана хит" және "7-20-25" жеңілдетілген ипотекаларын 2021 және 2022 жылдары қаржыландыру тоқтатылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Баспана хит" және "7-20-25" жеңілдетілген ипотекаларын 2021 және 2022 жылдары қаржыландыру тоқтатылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дағдарыстың экономикаға ықпалын төмендетуді ескере отырып, нарық қағидаларына жол бере отырып, мемлекеттің кредит беру бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан шығуы көзделген.

Жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын қаржыландыру, ҚЗЭ ("Қарапайым заттар экономикасы". - еск.), "Баспана Хит" 2021 жылы аяқталады, ал 2022 жылы "7-20-25" бағдарламасын қаржыландыру аяқталады", - деп хабарлады Әбілқасымова Қаржы нарығы көшбасшыларының жыл сайынғы VIII саммитінде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасы ипотекаға бастапқы тұрғын үйді 25 жылға дейінгі мерзімге 20 пайыздық бастапқы жарнамен жылдық 7 пайызбен сатып алуға мүмкіндік береді.

"Баспана Хит" ипотекаға қайталама тұрғын үйді жылдық 10,75 пайызбен 20 пайыздық бастапқы жарнамен 15 жылға дейінгі мерзімге сатып алуға мүмкіндік береді.

Ол Үкімет тікелей қаржыландырудан кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік тәуекелдеріне кепілдік беруге көшу мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

"Дағдарысқа қарсы шаралар бизнес пен халық үшін қарыз ауыртпалығын төмендетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, 2020 жылғы дағдарысқа қарамастан, несие портфелінің сапасы нашарламағанын көріп отырмыз. Жеке тұлғалар бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі 1 тармақшаға азайды және 2021 жылдың басында 5,4 пайызды, оның ішінде тұтынушылық кредиттер бойынша 6,5 пайызға тең болды. Заңды тұлғалардың несиелері бойынша 1,2 пайызға, негізінен ірі банктердің жұмыс істемейтін несиелерін есептен шығару есебінен 8,6 пайызға төмендеді", - деп түсіндірді Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети