Қазақстанда баспана қымбаттай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда баспана қымбаттай ма? © Тұрар Қазанғапов

Сарапшы 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшы 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің айтуынша, баспана нарығында бастапқы нарықтағы тұрғын үйлер қымбаттап жатыр. Бұл элит, бизнес және жайлы санаттағы пәтерлерге қатысты екен.

Сарапшының сөзіне қарағанда, бағаның қымбаттауы құрылыс заттарының шетелден әкелінуімен байланысты.

Ал эконом санаттағы баспананың бағасы, сарапшының айтуынша, өзгеріссіз, бірқалыпты.

"Себебі барлық мәміле екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үй бағдарламаларының операторлары арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар тарапынан алынған субсидияланған ипотекалық қарыздар негізінде жүргізіледі. Экономкласс - бүгінгі таңда сату-сатып алу процестері ең белсенді жүріп жатқан санат.

Сонымен қатар, бұл үйлер 80 пайыз қазақстандық құрылыс материалдарынан салынып жатыр. Сондықтан олардың бағасы көтерілмейді", - дейді ол.

Жылжымайтын мүлік Федерациясы президентінің болжамы бойынша, 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында баспана қымбаттамайды. 

"Карантин салдарынан халықтың көбі табысынан айырылды. Көптеген сала қызметкері жұмыссыз қалды. Пәтер иелері клиенттерін жоғалтты. Сондықтан тұрғын үй бағасы өсуінің алғышарттарын көрмеймін", - деді Мүсірепов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети