Қазақстанда баспананың орташа бағасы есептелді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нарықта жаңа пәтерлердің бағасы тұрақталды. Бір жылда Қазақстандағы жаңа үйлердегі пәтердің бір шаршы метрі  небәрі 5 пайызға (266 мың теңге) көтерілді. Сонымен қатар, осы мерзімде көпқабатты үйлердегі пәтерлер келісімшарты 13 пайызға, ал доллар бағамы 11 пайызға өскен", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нарықта жаңа пәтерлердің бағасы тұрақталды. Бір жылда Қазақстандағы жаңа үйлердегі пәтердің бір шаршы метрі  небәрі 5 пайызға (266 мың теңге) көтерілді. Сонымен қатар, осы мерзімде көпқабатты үйлердегі пәтерлер келісімшарты 13 пайызға, ал доллар бағамы 11 пайызға өскен", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Қазақстанның ірі қалаларында, Статистика комитетінің мәліметінше, бастапқы нарықта пәтер бағасы төмендегені байқалады. 

Ақтауда 4,2 пайызға, Көкшетауда - 4,5 пайызға, ал Павлодар мен Петропавлда - 24 пайызға төмендеген. Бұл, сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттік үйлердің жаппай салынып жатуына байланысты. 

"Негізгі бағыт төлеу қабілетінің мүмкіндігіне байланысты және жинақ арқылы ипотекалық құралдар арқылы беру жолдарына арналған. 2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны аралығында банктен қарыз алу бойынша үй иелену көрсеткіші 17,2 пайызға өскен (184,6 миллиард теңге), ипотекалық нарықтың белсенділігі барлық өңірде байқалады", - дейді сарапшылар.

Алматы облысында ипотекалық нарық бір жылда 42,5 пайызға өскен. Астана, Атырау және Батыс Қазақстанда 25 пайызға өсті. 

Салынып жатқан үйлердегі салымшылардың несие кепілі Тұрғын үй құрылыс кепілдігі қоры аясында жүргізіледі.  

Қордың кепілімен тұтынушы банктен максималды сома 50 миллион теңгені салынып жатқан үйден кепілсіз ала алады. Пәтеріңіздің болуы бұл бағдарламамен үй алуға кедергі келтірмейді. 

11 айдың қорытындысы бойынша, қазақстандық үй салушы ұйымдар көпқабатты үйлерден 59,7 мың жаңа пәтерді пайдалануға берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 мың пәтерге көп екен.

Сонымен қатар, көппәтерлі үйлердің аумағы 1,5 пайызға кішірейгені айтылады, бұл дегеніміз эконом санатындағы пәтерлердің көбейгенін білдіреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro