Қазақстанда жақын арада жаңа қолжетімді ипотека пайда болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанда жақын арада жаңа қолжетімді ипотека пайда болуы мүмкін. Оның операторы "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" болады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жақын арада жаңа қолжетімді ипотека пайда болуы мүмкін. Оның операторы "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" болады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта несиелеу механизмі мен шарттары пысықталып жатқаны, содан кейін жоба бекітуге жіберілетіні айтылады. Бірақ мемлекет бағдарламаны субсидиялауға ниетті екені белгілі.

"Қазіргі нарықтағы жағдайда ипотека 18-19 пайызға беріледі. Біз баға белгілеу талдауын жүргіздік. Орта тапқа қолайлы мөлшерлеме 11-12 пайыз екенін көріп отырмыз. "7-20-25" өз мақсатына жеткеннен кейін, бұл ипотекалық кредиттеу нарығын, атап айтқанда, коммерциялық тұрғын үй және нарықтық ипотека бөлігінде қолдау бойынша қисынды жалғасы болады", - деп мәлімдеді "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ төрағасының орынбасары Олжас Салықов.

Компания мамандарының айтуынша, бағдарламаға кем дегенде сегіз банк қызығушылық танытып отыр. Олар жаңа тетікті зерделеуге, содан кейін кредит беруді бастауға дайын. Сондай-ақ, алдағы төрт жылда нарықты қолдау үшін билік бір триллионнан астам теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Қолжетімді ипотека операторы болашақ қарыз алушының портретін де анықтапты. Бұл отбасына жалпы табысы жарты миллионға жуық теңгеге жететін және ай сайын 200 мыңнан төлеу мүмкіндігі бар орта тап өкілі екен. Бастапқы жарна бар болғаны - 20 пайыз.

Айта кетейік, пәтерді тек жаңа үйлер нарығынан немесе салынып жатқан үйден сатып алуға болады. Бұл ретте қарыздың ең жоғары сомасы әлі белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro