13 қазан 2021 | 16:01

Қазақстанда жастарға жалға берілетін тұрғын үй талаптарын жеңілдету ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев мемлекеттік органдарды жалдамалы тұрғын үй алу конкурсында жұмысшы жастарға қойылатын талаптарды төмендетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев мемлекеттік органдарды жалдамалы тұрғын үй алу конкурсында жұмысшы жастарға қойылатын талаптарды төмендетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір мемлекеттік бағдарлама Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын 1000 жалдамалы пәтер беріледі.

"Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес, өтініш берушінің ай сайынғы табысы кемінде 40 АЕК мөлшерінде екенін растайтын кейінгі алты айдағы табысы туралы анықтама ұсыну талап етіледі. Егер бағдарлама басында бұл 101 мың теңге болса, 2021 жылдан бастап 116,6 мың теңге болды", - деді депутат Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, жан басына шаққандағы орташа табыс - Шымкентте 77 мың теңге, Алматыда - 166,5 мың теңге, ал Нұр-Сұлтанда - 179,7 мың теңге.

Республикада 20-29 жас аралығындағы азаматтар саны - 2 537 252 адам. Қалада тұратын жастардың үлесі 1 510 892 болды.

"Жалдамалы пәтер алу конкурсына қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаж жас мамандарға жалақы мөлшері тым жоғары. Жалға берілетін тұрғын үй конкурсында үй алу қиын. Жұмысшы жастардың айтуынша, айлық көрсеткішін 40 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін төмендету мегаполистердегі жас отбасылар мен мамандарға үлкен көмек болады", - деді депутат.

Ол жалға берілетін тұрғын үй конкурстарына қатысушыларға қойылатын талаптарды өзгертуді ұсынды.

"Бұл бағдарламаның мақсаты - мегаполистерді сұранысқа ие жас мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандардың кірістеріне жоғары талап түрінде кедергі келтіру орынсыз деп санаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети