26 мамыр 2015 | 11:32

Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқықтары туралы мәлімет ашық түрде берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allday.ru © allday.ru

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәлімдемелері болашақта көпшілік үшін қолжетімді болуы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz. Мұндай бастаманы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері қолға алып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәлімдемелері болашақта көпшілік үшін қолжетімді болуы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz. Мұндай бастаманы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері қолға алып отыр.

Жалпы түсінікті болуы үшін айта кетейік, қазір Қазақстанда жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы тек үйдің иесі ғана ала алады. Ал сатып алушы мен делдалдар үшін ол - "құпия". Соның салдарынан тура мәміле жасасу кезеңіне келгенде пәтерлердің кепілге алынғаны немесе тыйым салынғаны анықталады.

Сондықтан, идея авторлары жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы кез келген азамат ала алуы тиіс деп отыр. Әзірше Заңға "Ақпараттандыру туралы" өзгеріс енгізілген жоқ, дегенмен бастамашылар нақты қандай мәлімет барша азамат үшін қолжетімді болуы керегін анықтап жатыр.

"Егер өзгеріс заңға енгізілсе, тұрғын үй нарығына қатысушылар үшін бұл пайдалы болады. Кейде жылжымайтын мүліктің иесі пәтеріне тыйым салынғанын да білмей жатады, ол коммуналдық қызметке ақы төлемеуге қатысты болуы да мүмкін. Кейде тәжірибелі реалторлар анықтамадағы қателерді байқайды, сондықтан мамандар мен үйді сатып алушыларда сол мәліметке қол жеткізу мүмкіндігінің болғаны дұрыс", - дейді риелтор Әли Мұсабеков. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети