07 наурыз 2014 | 15:20

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер 6 пайызға қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото allday.ru сайтынан алынды. Фото allday.ru сайтынан алынды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер 6 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Статистика агенттігіне сілтеме жасап. "2014 жылғы қаңтар, ақпан айларында тұрғын үйді сатып алу, сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,8 пайызға азайды",- делінген Статагенттіктің хабарламасында. Ведомостваның дерегінше, 2014 жылғы қаңтар, ақпан айларындағы тұрғын үйді сатып алу, сату мәмілелерінің саны 23 431-ді құраған. "2014 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу, сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 11 832 құрады, және өткен аймен салыстырғанда 2,0 пайызға артты",- делінген агенттік сайтында. Сонымен бірге қаңтар, ақпан айларында жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелердің саны көбіне Солтүстік Қазақстан облысында қысқарғаны (33,1 пайыз) хабарланды. Астанада соңғы екі айда 2013 жылғы осы айлармен салыстырғанда жылжымайтын мүлік мәмілесі - 18,1 пайызға, ал Алматыда - 18,9 пайызға азайған. Одан кейінгі орында Павлодар облысы тұр, онда мәмілелер саны екі айда 17,5 пайызға кеміген. Қазақстанның басқа аймақтарында да жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер азайған. Мәселен Шығыс Қазақстанда - 8,8 пайызға, Жамбылда - 7,8 пайызға, Алматы облысында - 7,3 пайызға, Ақтөбеде - 6 пайызға, Қостанайда - 3,3, Қарағанды - 2,6, Ақмолада - 1,4 пайызға қысқарған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети