19 маусым 2015 14:10

Қазақстанда жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты оңай берілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.gazeta.kz © news.gazeta.kz

Қазақстанда жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты оңай берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты оңай берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның электрондық үкімет порталы жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат алу процесін оңтайландырды. Енді пайдаланушыларда eGov.kz порталында қызметке онлайн тіркелу мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, дайын құжатты бұрынғыдай Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығынан емес, халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

Айта кетейік, 2013 жылдың соңынан бастап электрондық үкімет порталында жылжымайтын мүлiк нысандарының техникалық төлқұжатын алуға электрондық өтінішті беру қызметі пайда болды. Алайда осы уақытқа дейін порталда аванс құнының төленгені туралы чектің сканерлік көшірмесі тіркелетін, яғни қызмет үшін онлайн түрде төлем жасау мүмкін болмады. 

"Біз электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы қызметті аванс төлемі мен қалған төлем бөлігін оңтайландырдық, осылай біз чектің сканерлік көшірмесін тіркеуді алып тастадық", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Еңсебаевтың айтуынша, оңтайландырудан кейін eGov пайдаланушысы электрондық өтінімді берген кезде барлық қажетті жолдарды толтырады, жылжымайтын мүлік нысанына құқық белгілейтін құжатты тіркейді және қызметтің аванс құнын төлейді. Сұрау салу бұдан кейін Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығына түседі, онда техникалық төлқұжат дайындалады да пайдаланушыға қалған ақы сомасы жіберіледі. Қалған ақы төленгеннен кейін пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама түседі, онда дайын техникалық төлқұжатты алуға болатын ХҚКО атауы көрсетіледі. Құжатты ХҚКО-да алу үшін азамат осы хабарлама мен жеке куәлікті ұсынуы тиіс.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети