07 желтоқсан 2016 | 14:34

Қазақстанда пәтер бағасының төмендеуі тоқтауға таяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда баспананың қайталама нарығында пәтер құнының төмендеу қарқыны бәсеңдегені байқалады,-депхабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда баспананың қайталама нарығында пәтер құнының төмендеу қарқыны бәсеңдегені байқалады,-депхабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр.

Homsters.kz сарапшыларының есебіне қарағанда, қараша айында екінші кезекті нарықтағы пәтерлер құнының төмендеу екпіні жылдық минимумға жетіп, 0,3-0,5 пайыз дәлізінде тоқтады. Ал оның алдындағы айларда бұл нарықтағы шаршы метрлердің бағасы анағұрлым шапшаң қарқынмен төмендеп, көрсеткіш айына 3-4 пайыз көлемінде болған еді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай үрдісті бірнеше фактормен түсіндіруге болады. Біріншіден, әдеттегідей жылдың соңында тұрғын үй нарығында белсенділіктің төмендеуі. Жылдың басы мен соңында сатып алушылар белсенді болмайды, сол сияқты қайталама нарықта да мәмілелер аз жасалады. Бұл кезеңде үй салушылардың көптеген акциясының арқасында жаңа үйлер нарығы ғана жанданады.

Екіншіден, пәтер иелерінің бірқатары сауда бәсеңдейтін маусымның алдында мейлінше тиімді жағдайларды күтіп, бағаны төмендетуді тоқтатады, ал кейбіреулері, тіпті, өз нысандарын саудадан алып тастайды. Соның нәтижесінде нарықта сапалы нысандар тапшы болып қалады, бұл жайт та бағаның одан әрі төмендеуіне жол бермейді.

Үшіншіден, қайталама нарықтағы сатушылардың көбі бағаны өсірмей ұстап тұруға тырысатынын да естен шығармау керек, бірақ баспаналар сапасының төмендігінен сатып алушылар жаңа үйлер нарығынан одан да тиімдірек ұсыныстар қарастыруға мәжбүр болады. Үй салушылардың маусымдық акциялар мен арнайы ұсыныстарды дәстүрлі түрде жариялап тұруы да сатып алушылардың жаңа баспаналарға ұмтылуына себеп болып жатады.

"Қайталама нарық баспаналарының баяу екпінмен арзандауы маусымдық қана тренд емес. Біз бұл жайт келесі жылы да байқалуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Экономикаға қатысты оң болжамдар, тұрғын үй нарығы бойынша жағымсыз жайттардың болмауы және Үкіметтің құрылыс саласын одан әрі қолдауы соңғы екі жылғы раллиден соң 2017 жылы да қайталама нарықта бағаның төмендеуіне әсер етуі ықтимал. Бірақ айтарлықтай төмендей қоймайды - арзандау көрсеткіші жыл бойына 7-10 пайыздан көп емес деңгейде болады. Сондықтан біз қазақстандықтарға жаңа үйлер нарығына да, қайталама нарықтағы саудаға да көз салып жүруді ұсынамыз", - дейді жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің жетекшісі Олеся Мельникова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети